Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

«Жастар – болашақ энергиясы»


 

“Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығы жəне БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Жастар – болашақ энергиясы» тақырыбында жастармен онлайн-консультациялар өткізеді.

Онлайн-консультациялар жастардың қажеттіліктерін, олардың үкіметтен не күтетінін жəне оған қатысты қандай көзқараста екенін, жастарға арналған басымдылығы жоғары қызмет түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын əрі қарай жүзеге асыру бойынша ұсынымдар əзірленеді. Аралық қорытынды нəтижелер халықаралық сарапшылармен «UNICEF Talks: балалардың құқықтарын инновациялар арқылы ілгері бастыру» шарасында 19 тамыз күні «ЭКСПО 2017» аумағында талқыланады. Қорытынды ақпарат дайындалып,

«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасында ұсынылады. Сауалнама толығымен құпия, əрі шамамен 20 минут уақытты алады.

Сауалнамаға балалар, жасөспірімдер жəне 29 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Онлайн-консультацияларға қатысу сілтемесі: http://bit.ly/kazexpo

 

Страницы: