«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»

Колледжде «Мәңгілік ел» патриоттық  акция шеңберінде ҚР Тәуелсіздігі мен Республика Конституциясына арналған «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы  жаңғырту»  атты бірыңғай  сабақ  өтті.  Сабақтың мақсаты студенттерге еліміздің  қазіргі  жағдайы мен болашағы туралы білімді қалыптастыру,  сондай-ақ  белсенді өмірлік қағиданы қалыптастыру, өз Отанына деген  сүйіспеншілік пен патриоттық  сезімді тәрбиелеу,  Қазақстанды  жаңғырту саласындағы ой-өрістерін кеңейту. Сабақ барысында Қазақстан  туралы бейнефильм көрсетіліп,  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы түсіндірілді.