Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Бөтен қайғы болмайды

7 сәуір күні сағат 7 -ден 23 минут кеткенде  Ломов пен Катаев көшелерінің  қиылысында  жан түршігерлік қайғылы оқиға болды.  Мектеп жасындағы  екі қыз бала  жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатты. ЖКО  -ның нәтижесінде  он жасар қыз бала  оқиға орнында көз жұмды, оның сегіз жасар сіңлісі  облыстық балалар ауруханасына ауыр халде  жеткізілді.  Қазір отбасына материалдық көмек пен қолдау өте қажет. Ақша қаза  тапқан қыз баланы жерлеу үшін  және тірі қалып, ауыр халде жатқан  оның сіңлісін кейіннен емдеуге және  оңалтуға қажет.

Павлодар медициналық жоғары колледжінің  оқытушылары мен  студенттері бөтен қайғыға селсоқ қараған жоқ, қаза тапқан  қыз бала отбасы үшін қаржы қаражатын жинауды  ұйымдастырды.  Барлық ақшалай  қаражат қаза тапқан Махаббаттың  отбасына беру үшін «Клуб Добряков» қорына  табыс етілді.

Қайғылы оқиғаға әкеліп соққан бұл оқыс оқиға, осы отбасының қайғысына ортақтасып,  жеңілдетуге  ұмтылған  Павлодар қаласының тұрғындарын біріктіргендей болды және де  қайғыға әкеліп соққан  себептердің  айқындалуы, болашақ медиктерге медициналық қызмет  өкілдеріне қатысты үлкен жауапкершіліктің  жүктелетіні туралы  тағы да ойлануына   мүмкіндік берді.

Бұл жағдай  мен медициналық жоғары колледжінің студенттері және оқытушылары тарапынан  көрсеткен  сезімдері  мейірімділік пен жанашырлық түсінігі  біз үшін ең маңыздылардың  бірі болып табылады. 

Страницы: