Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Республикалық акция «Денсаулық фестивалі»

9 қыркүйек  күні  Павлодар қаласының  Орталық жағажайында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда»  ұранымен   жыл сайынғы «Денсаулық фестивалі» өтті. 

Денсаулық фестивалі  таңертеңгі 10 минуттік   серпіліс жаттығуымен  басталды.  Екі мыңнан астам  студенттер, мемлекеттік қызметшілері, білім беру және денсаулық сақтау  саласының қызметкерлері   қатар-қатар тұрып, дене шынықтыру  жаттығуларын орындады.   Сағат 10-да  Естай атындағы  ҚМС –нан «Адымдап жүру зиянды емес, зиянды-  адымдап жүрмеу!» ұранымен  «Жүру марафоны»  басталды, оған  біздің колледждің  оқытушылары мен студенттері   де қатысты.  Марафонға қатысушылар Ленин көшесінің бойымен  Орталық жағажайға  өтті

«Денсаулық фестивалі» шеңберінде,  бұл күні «Салауатты Мен- салауатты Ел» ұранымен думанды флешмоб, спорт мектептерінің, клубтардың, фитнес- орталықтардың  тұсаукесерлері, құстар мен жануарлардың қолөнер көрмелері, гир көтерушілер кездесуі, «Салауатты рух» сайысы, «Күш иесі» армрестлинг  жарыстары ұйымдастырылды.

Фестиваль қатысушыларын   қаланың  шығармашылық  ұжымдарының  өнер көрсетулері мен  аспанға ұшырылған  түрлі-түсті шарлар қуантты.

«Денсаулық» атты жұмыс жасаған  медициналық қалашықта денсаулық сақтау саласының  қызметкерлері адам салмағы индексін өлшеп, темекі  шегушіліктің алдын алу бойынша «Сигарет шегуді таста»  тренингісін өткізді, салауатты өмір салтының негізгі аспектілері бойынша  буклеттер мен  парақшалар  таратты.  Сағат 11-де  «Денсаулық  фестивалінің»  салтанатты ашылуы болды.  Белсенді өмір сүру қағидасымен айналысып жүрген  қала мен облыстың тұрғындарын Павлодар  облысы Әкімінің  орынбасары М. Бегентаев  құттықтады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20- жылдығына орай,  Денсаулық фестивалінің  басты тақырыптары  дене белсенділігі мен жаппай спортпен айналысуды ынталандыру, өз денсаулығын нығайту және сақтау бойынша  әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі  сияқты салауатты өмір  мәдениетінің қоғамдық маңызды аспектілері  болды.

 

Страницы: