Ақпараттық көрмет «Мейірімділік жолымен»


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қызметі туралы «Өзін-өзі тану»: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі шеңберінде, колледж кітапханасында «Мейірімділік жолымен» тақырыбында екі тілде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Назарбаева Сара Алпысқызының тағдыры- бұл балалар туралы шынайы қамқорлыққа толы өмір, адамдарға қызмет етудің жоғары үлгісі. Бұл айтылған қызылсөз емес, бұл іспен дәлелденген сөздер.
1992 жылы ақпан айында Сара Алпысқызы ата-ана қамқорынан, ана жылуынан айрылған панасыз балаларға көмек көрсету үшін Республикалық қайырымдылық «Бөбек» қорын құрды. 2001 жылы ҚР Бірінші ханымының бастамасымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершіліктік білімнің жобасы әзірленді, оның басты мақсаты-мектепке дейінгі мекемеден жоғары оқу орындарына дейінгі деңгейдегі білім беру жүйесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды жандандыру.