Мерекелік концерт

7 наурыз күні  Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері, «Қайырымдылық»  волонтерлік қозғалысының  мүшелері «Қайырымдылық Үйінің» пациенттері мен қызметкерлері үшін 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер  күніне арналған мерекелік концерт  өткізді.  Концерт мерекелік ахуалда өтті, бағдарлама репертуарында екі тілде  әндер шырқалып, өлеңдер оқылды,  домбыра және  гитарада  қазақ композиторларының шығармалары  орындалып,  әсерлі билер биленді.