Мерекелік концерт

6 наурыз күні  ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі»  КМК  ұстаздар және студенттер күшімен  ұйымдастырылған  8 Наурыз- Халықаралық әйелдер  күніне арналған мерекелік концерт  өтті.  Концерт мерекелік ахуалда өтті, бағдарлама репертуарында екі тілде  әндер шырқалып, өлеңдер оқылды,  домбыра және  гитарада  қазақ композиторларының шығармалары  орындалып,  әсерлі билер биленді.  Өзінің құттықтау  сөзінде  директордың   орынбасары К.Ш. Касенова     барлық аруларды көктем мерекесімен құттықтай отырып береке,  бақыт, шаттық және жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеуде сәттіліктер тіледі.