ТҰЛҒА

Мақала тамаша  дәрігер, ұстаз, дарынды  басшы, қоғам қайраткері және  керемет  адам  САБЫРХАНОВА ӘЛИЯ ЖАКЕНОВНАНЫҢ  жарқын және мейірімді бейнесін еске алуға арналады.

                             

 ТҰЛҒА

Сабырханова  Әлия  Жакеновна  (1946-2017 ж.ж.)

Әлия  Жакеновна  Сабырханова- тамаша дәрігер-акушер-гинеколог, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы, шебер ұйымдастырушы, практикалық денсаулық сақтау саласының басшысы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері.

          Сабырханова Әлия Жакеновна  1946 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы (Семей облысы) Семиярск  селосында қызметкерлер отбасында  дүниеге келді. Әкесі,  Жакен Сабырханович,  мамандығы мұғалім, ҰОС қатысушы, майданда жараланған, анасы Кустина  Кенжехановна- кітапханашы. Олар Амангелді, Асқарбай есімді екі ұл және  Әлия және Ғалия  есімді  екі қыз өсіріп тәрбиелеген. 1962 жылы  Әлия  Семиярск орта мектебін  бітіреді.  Оқуды жақсы оқиды,  спортпен  шұғылданып, дипломдармен және  мақтау Грамоталарымен  марапатталған.  Мектептің қоғамдық өміріне  белсене  қатысып, пионерлер ұйымы дружинасы Кеңесінің төрайымы, 1960 жылдан бастап БЛКЖО/ВЛКСМ/ мүшесі  болды. 1962 жылы  Семей медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығына оқуға түсті. Студенттік өмір  тез өте шықты: оқу, қызықты практикалық сабақтар, бос уақытында концерттерге, спектакльдерге қатысты, әрине спортпен де айналысты.  Институтты 1968 жылы  бітірді,  бітіруші шығарым  үлкен, 200 студенттен астам болды,  кейін әр 5 жыл сайын  түлектер туған қара шаңырақ- Альма-матерде  кездесіп отырды, бұл өте қызықты да,  жылы  кездесулер болатын.    Жолдамамен Павлодар  облысына жолданды. Облыстың  денсаулық сақтау бөлімінің  бұйрығымен  Павлодар  ауданының  Красноармейка учаскелік  ауруханасына  бас дәрігер болып тағайындалуымен Әлия Жакеновнаның басшылық қызметінен  еңбек жолы басталып кетті.  1969 жылмен 1972  жыл аралығы кезеңінде  Павлодар орталық аудандық  ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша  орынбасары болып істеді. 1972-1974 жылдары  Семей медициналық  институтының акушерия  және гинекология кафедрасының  клиникалық ординатурасынан өтті.  Медицина институты, 1974 жылы  ординатурада оқып жүрген кезінде жазғы каникулда Зайсан қаласына  құрылыс отрядына дәрігер  етіп  жіберген. Зайсан қаласының  тұрғындары доктор Сабырханова  Әлия  Жакеновнаның адамдарға және олардың проблемаларына деген  ілтипаттық қарым-қатынасы үшін өздерінің  алғыстарын  медицина институтының «Медицина кадрлары»  газеті арқылы  білдірген.  Ординатураны  бітірісімен, 1974 жылмен 1982 жыл аралығында  «Мойылды» курортында  бөлімше меңгеушісі,  бас дәрігердің орынбасары және бас дәрігер  лауазымдарында  істеді.  Курортта істеген кезеңінде  Әлия Жакеновна ұжымды  іскерлікпен басқара білді,  әріптестері мен қызметкерлер құрамы арасында  зор құрметке ие болды.  Санаторий-курорттық  емделуге келушілерден  көптеген алғыз сөздері  мен жақсы  пікірлерін алды. 1974 жылы  КПСС мүшесі болды.  Осы жылдары  ол   Павлодар аудандық  халық депутаттары  кеңесіне депутат болып, аудандық комсомол комитетінің  мүшесі, аудандық, облыстық  партия конференцияларына бірнеше рет делегат болып  сайланады. Өзінің  кәсіби шеберлігін үнемі арттырып отыратын, Ресей, Украина және Алматы  дәрігерлердің  біліктілігін арттыру  институттарында мамандандыру  және біліктілікті арттырудың күндізгі  циклдарында  оқып білімін жетілдірді.    1972 жылы  бірінші санаттағы  дәрігер-гинеколог  біліктілігі берілді. 1982 мен 1983 жылдар аралығында  Павлодар  алюминий заводының  санаторий- профилакториясында  бас дәрігер болып істеді. 1983 жылы  Қазақ ССР медицина қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық комитетінің  төрайымы болып тағайындалды. Әлия Жакеновна зиялы және өте мейірімді адам еді,  кәсіподақта  жұмыс істей жүріп, көмек сұрай келген әр адамды  мұқият тыңдап,  сол адамдардың  құқықтары мен мүдделерін  қорғап, проблемаларын шешуге көмектесіп отыратын. 1985 жылмен 1990 жыл аралығында  Қазақстан  Компартиясының Павлодар облыстық комитеті аппаратында ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің, ғылым және оқу орындары бөлімінің,  идеологиялық бөлімнің  нұсқаушысы болып істеді.  Облыстық партия комитеті аппаратында  істеген жылдары өзін  білікті, жігерлі және  қабілетті  ұйымдастырушы  ретінде көрсете білді. Өзі жетекшілік ететін  облыстық бөлімдер жұмысын шебер  бағыттап, нақтылы  практикалық көмектер көрсетіп отырды, ұжымда  беделі зор болды. Қоғамдық  өмірге  белсене қатысты,  облыстық партия комитеті аппараты  кәсіподағының төрайымы болды. 1989 жылы  Алматы Жоғары партия  мектебінде  партия, совет және идеология карларының  біліктілігін арттыру  факультетінде  курстан өтті. 1990 жылмен 2013 жыл аралығында – Павлодар медициналық колледжінің  директоры, 2013 жылғы наурыздан 2014 жылға дейін – орта буын  медицина және фармацевтикалық қызметкерлердің қосымша білім беру  орталығының  басшысы болды. Директор болып істеген жылдар ішінде Әлия Жакеновна колледждің  материалдық-техникалық  базасын жақсартуға зор үлес  қосты,  колледжге  кабинеттері, акті залы кең,  асханасы, спорт залы мен стадионы бар типтік  оқу орны (бұрынғы  химия училищесінің  ғимараты) берілді. Орта буын медициналық білімді  дамытуға, мамандар даярлау сапасын  жақсартуға  лайықты өз үлесін қосты. Ұстаздық ету қызметіне байланысты  Әлия Жакеновна  Астана, Алматы  және Ресей қалаларында бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарынан өтті.2003 жылғы 12 сәуірден  мамырдың 3-не дейін «Халықаралық визитерлер» деген  бастамамен АҚШ-ғы орта буын медицина қызметкерлері бағдарламасына қатысты. Медбикелер  қауымдастығына, медбикелік іс колледждеріне,  түрлі медициналық  оқу орындарына  қатысты. Медициналық қызмет  ету саласында әрекет ететін кәсіпорындар мен клиникаларда, ауруханаларда  медбикелермен және олардың  басшыларымен  кездесті. 2012 жылғы  қараша айында  ҚР –на қатысушылар құрамында, медбикелік білімді  жаңғырту  ісін жүзеге асыру бойынша Пилоттық жобаны әзірлеу жүйесін  зерделеу мақсатында  Финляндияға   барып қайтты. Колледж  Финляндияның Қолданбалы  ғылымдар университетімен, Омбы облысының «Медициналық колледжі»  бюджеттік  білім беру  мекемесімен  табысты  ынтымақтасып келеді. Әлия Жакеновна медбикелік іс  мәселелері бойынша «Медбикелік іс», «Ақпараттық хабаршы», «Қайырымдылық»  сияқты  Республикалық  деңгейдегі  бірқатар  кәсіптік медициналық  басылымдардың редакциялық кеңесінің  мүшесі болды. Тәжірибе алмасу  және тарату мақсатында  халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық және қалалық  басылымдарда  мақалаларын жариялады.  Орта буын  медицина мамандарын  даярлау бойынша ҚР медициналық оқу орындары мен  практикалық денсаулық сақтау саласында  қазіргі кезде табысты  қолданылып жүрген бірқатар  оқу құралдары мен жинақтарының, ұсынымдарының авторы және қосалқы авторы болды.  Колледждің республиканың және Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Финляндия және т.с.с.  шет елдердің  медициналық оқу орындарымен және  қоғамдық  ұйымдарымен  ынтымақтасу ісінің дамуы білім беру үрдісін  жетілдіруге, жаңа педагогикалық  инновацияларды енгізуге, орта буын құзыретті  кәсіби  медицина  қызметкерлерін даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік  берді. 1998 жылы  оның бастамасымен  облыс медбикелерінің  Қоғамдық бірлестігі құрылып, кейін 2013 жылы Павлодар облысының  «Саламатты Павлодар» Медициналық Қауымдастығының Қоғамдық  бірлестігіне қайта  құрылып, 2016 жылдың қазан айында дейін    Әлия Жакеновна оның тұрақты төрайымы болды. Әлия Жакеновна бүкіл саналы өмірін денсаулық сақтау  саласындағы жұмыс пен медицина кадрларын даярлау  ісіне арнады. Жоғары  кәсіби  деңгейі мен ұйымдастырушылық қабілеті  оған  тек қана танымал дәрігер болуға  ғана емес,  сонымен бірге  басқару жұмысын оқытушылық, партиялық  және қоғамдық   қызметпен  табысты ұштастыруға мүмкіндік берді. Барлық жылдардағы  басшылық қызметін ұстаздық  қызметпен ұштастыра білді, арнайы пәндер оқытушысының  жоғары білікті санатына ие болды. Сабырханова Әлия Жакеновна Павлодар  облыстық  сайлау комиссиясының  төрайымы,  оған жарты ғасырлық еңбек жолының 43 жолын арнай отырып, Қазақстанның  сайлау  органдарының  ең танымал өкілдерінің бірі болды, түрлі  деңгейдегі  сайлау  комиссияларының  мүшесі, хатшысы және  соңғы 13 жыл бойы – Павлодар  облыстық сайлау  комиссиясының  төрайымы. Ресейдегі, Белоруссия, Азербайджан, Туркмениядағы  сайлаулар бойынша  бірнешер рет халықаралық   бақылаушы болды.  2010 жылы     Шри Ланка Республикасындағы  президент сайлауы бойынша  ҚР-нан  халықаралық  бақылаушы  болды. Ресей, Австрия және Финляндия сайлау  комиссияларының тәжірибесімен алмасу  бойынша ҚР-нан  делегат болды.  Әлия Жакеновна  еліміздегі  сайлау жүйесін  қалыптастыру бастауында тұрған және  замануи сайлау құқықтарын  жетілдіру үрдісіне  тікелей  қатысушы пікірлес адамдар қатарына жататыны сөзсіз.  Алға  қойылған  мақсаттарына қол жеткізу білігі мен шүбәссіз  беделі,  ғажайып тартымдылығы бола отырып, ол қоғам мен мемлекеттік емес сектордың өкілі болды, Әлия Жакеновна  сайлау жүйесіне  азаматтық қоғамның жоғары  құндылығын –   адам  құқықтары мен  бостандықтарына деген құрметті  тәнті етті. Әлия Жакеновна  саяси қайраткер, ұйым басшысы ретінде облыстың  медицина және  білім беру  саласындағы белгілі  қайраткер ретінде  әйгілі болды.Ол туралы  газеттерде, журналдар мен кітаптарда  көп жазды:

1.«Павлодарлық тамаша адамдар», 2003 жыл,

  1. «Қазақстан білімінің көшбасшысы» – «Алтын Кітап», 2004 жыл,
  2. «Павлодар облысындағы атақты адамдар»,2006 жыл,
  3. «Павлодардың Ертіс өңірінің әйгілі әйелдері», 2007 жыл,
  4. «Жасампаздық жолында», 2012 жыл.

Денсаулық сақтау, білім беру саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі, жұмыста жеткен  жетістіктері мен табыстары, сондай-ақ  еліміздің қоғамдық өміріне белсене  қатысқаны үшін Әлия Жакеновна  Мемлекеттік наградалармен және  атақтармен  аталды:

 Орден «Құрмет»і, 2011ж.

Медаль «Шапағат» , 2004 ж.

Төсбелгі, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» 1997ж.

Төсбелгі, «Қазақстан Республикасы білімінің үздігі» төсбелгі,1997 ж.

Меретойлық медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2001ж.

Меретойлық медаль «Қазақстан Конституциясына -10 жыл», 2005 ж.

Меретойлық медаль «Қазақстан Республикасының Парламентіне -10 жыл», 2006ж.

Төсбелгі «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне», 2006жг.

Төсбелгі «ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ», 2006 ж.

Құрмет  медалі «Бітімгерлік және қайырымдылық қызметі үшін”,  2006ж.

Меретойлық медаль «10 жыл Астана», 2008 ж.

Төсбелгі «ОБЛЫС АЛДЫНДА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»,2008ж.

Төсбелгі «Қазақстан Республикасының Қызыл  Ай Қоғамына -70 жыл»,          2008 ж.

Төсбелгі «Құрметті түлек», 2008 ж.

Меретойлық медаль «Халықаралық ядроға қарсы Семей – Невада -20 жыл», 2009ж.

Төсбелгі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»,2010ж.

Меретойлық медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2011 ж.

Меретойлық медаль «Павлодар облысына 75 жыл»,2012 ж.

Меретойлық медаль «Павлодар ауданына 85 жыл», 2013ж.

Меретойлық медаль «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»,2014ж.

Медаль «Еңбек ардагері»,2015ж.

Меретойлық медаль  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», 2016ж.

 2013жылдан бастап Сабырханова Әлия Жакеновна «Павлодар қаласының  Құрметті  азаматы» болып табылады. ОСК/ЦИК/, Денсаулық сақтау, Білім беру министрліктерінің,  Павлодар облысының Әкімдігі мен  Облыстық Маслихаттың бірнеше рет  Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Әлия Жакеновна – тамаша әйел, аяулы жар, қамқор ана және әже еді.  Оның отбасында   махаббат пен  өзара құрмет   тұнып тұратын, Мұрат Зиятденович отбасының тірегі және сенімді ұйтқысы болды. Қызы Кустина жолдасы Нұрланмен  Адина және Амира есімді екі тамаша  қыз бала тәрбиелеп отыр, Ажекасы   оларды жанындай жақсы көретін.  Әлия Жакеновнаның қызығушылығы жан-жақты,  ақыл-парасатқа бай, дарынды, ой-өріс кең адам еді, көп оқитын, үй кітапханасында  1500-ден астам кітап бар,  өлең оқуды, музыканы  сүйетін,  керемет ән айту дауысы  бар болатын,  қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді  сүйсіне орындайтын. Әлия Жакеновна  зиялы және мейірімді адам, өз ісінің кәсіби  шебері және ұйымдастырушысы, жалығып көрмеген еңбекқор болды. Кішіпейіл, әдепті,  дана, ол  әріптестері, достары, туған туыстары мен өзін білетіндер арасында  әрқашанда  зор құрметті және беделді  болды. Әлия Жакеновнаның жарқын жүзі мен  есімі барша білетіндер жүрегінде  мәңгілік қалады.