Өрт-техникалық орталыққа экскурсия

2018 жылғы 5 наурызда  Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері Павлодар қаласының  «Өрт – техникалық орталығы» мұражайына  қатысты.  Павлодар аймағының өрт сөндіру  күзетінің қалыптасу тарихымен, құнды экспонаттар, макеттермен, көркем сурет полотналарымен, Чернобыль өрт сөндіруші  батырларының  және қызметтік борышын  орындау кезінде  қаза тапқан  өрт сөндірушілердің фотосуреттерімен, автоматика және  техникалық жарақтандыру  экспозицияларымен, өрт шыққан жерлердегі түрлі объектілерден жеткізілген  өрт шығу көздерімен  таныстырылды.      Экскурсия соңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы фильмдер, өрт шығу түрлері туралы, өрт сөндіру  қызметі мен   сақтандыру шаралары туралы  бейнероликтер көрсетілді.