Оқытушылар мен студенттер назарына!

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК  кітапханасы түрлі жанрлар мен түрлі тақырыптағы фильмдерді көруге оқу залына шақырады.

Біздің медиатека қорында түрлі салалар бойынша ауқымды бейнефильмдер коллекциясы бар, Сіз одан түрлі санаттағы фильмдерді, атап айтсақ, медициналық фильмдер бойынша: оқу, ғылыми, ғылыми-танымал (стоматологиялық видеотекадан, оқыту және сауықтыру бағдарламалары және т. б.), микробиология, экология, астрономия және басқа пәндер бойынша  оқу фильмдерін, көркем фильмдер бойынша: әскери, тарихи, драмалар, комедиялар, мелодрамалар, мюзиклдар, триллерлер, фантастикалық фильмдерді таба аласыз, сонымен қатар, бізде “ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АЛТЫН КОЛЛЕКЦИЯСЫ” атты ең үздік отандық кинофильмдер жинағы бар.

Назар аударыңыз!  Фильмді  көрудің  басты шарты – алдын ала  тапсырыс беру!

         Сіз  тапсырысыңызды алдын ала «Медиатекада  фильмдер көруге   тапсырыс беру журналына»  тіркеу үшін   медиамаманға жүгінуіңіз қажет.

ФИЛЬМДЕРІ БАР  ДИСКІЛЕР  ҚОЛҒА БЕРІЛМЕЙДІ!

Жағымды  көру тілейміз!