2018- Жұмыс орындарына бөлу

2018 жылғы 5 сәуірде  колледжде  5 мамандық бойынша  түлектерді жұмыс орындарына дербес бөлу ісі өткізілді.  Бітірушілер шығарылымы 320 адамды құрды, оның ішінде «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша-33 адам; «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен «Медбикелік іс» мамандығы бойынша-219 адам, «Фармацевт»  біліктілігімен «Фармация» мамандығы бойынша  – 24 адам; «Тіс технигі» біліктілігімен «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша – 22 адам, «Дантист» біліктілігімен «Стоматология» мамандығы бойынша  – 22 адам.  Колледж  түлектерін  жұмыс орындарына бөлу және жұмысқа орналастыру меншік түріне қарамастан,  облыстың  медициналық ұйымдарының тапсырыстары мен  қажеттіліктері негізінде  жүргізіледі.Облыстың  денсаулық сақтау  басқармасымен  түлектерді жұмыс орындарына бөлу бойынша комиссия құрамы туралы бұйрық  шығарылып, оның құрамына денсаулық сақтау басқармасының, қоғамдық және  медициналық ұйымдардың  өкілдері, міндетті түрде шақырылған аудандық   денсаулық сақтау  бөлімдерінің өкілдері, бас дәрігерлер,  медбикелер мен  кадрлар бөлімінің  инспекторлары  енеді. Ауылдық жерлердегі жұмыс орындарына  53 түлек  бөлінді.