«Шұғыл көмек аумағы» кәсіптік шеберлік чемпионатының жеңімпаздары

2018 жылғы  5 сәуірде РФ ДСМ «Омбы мемлекеттік медициналық университеті, Колледжі» ЖБ ФМББМ базасында  «Шұғыл көмек аумағы» кәсіптік  шеберлік  чемпионаты»  атты  халықаралық конкурсы өтті, оған  Қазақстан Республикасы мен  Ресей Федерациясының медициналық колледждері мен университеттерінің 89 студенті мен 11 студенттік  командалары  қатысты.  «Емдеу ісі» мамандығы 4 курсының студенттері: Қанатбеков Азат және Серохвостова Алена  құрамында бар  Павлодар медициналық жоғары колледжінің  «VitaSave»  командасы  «Шұғыл көмек аумағы» кәсіптік  шеберлік  чемпионаты» атты халықаралық  конкурсының  абсолютті  жеңімпаздары атанды. Колледж әкімшілігі, педагогикалық ұжымы мен студенттері  чемпиондарды тамаша жеңісімен құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да  зор табыстарға жете берулеріне тілейді.