Барлықтарыңыз сенбілікке!

Павлодар қаласында 7 сәуір күні қалалық сенбілік өтті. Біздің колледжде оқу корпустары мен аумақты тазалау бойынша  іс-шаралар  өткізілді. Колледждің барлық объектілері  тәртіпке келтірілді. Сенбілік  колледж студенттері мен оқытушыларының күшімен өтті, олар  тапсырылған жұмысқа зор жауапкершілікпен қарады. Сондай-ақ сенбілікте  1,2,3 курс студенттері де  ерекше ынтамен жұмыс жасады.