Шахматтан жарыстар

7 сәуір күні  Шахмат Үйінде  медициналық ұйымдар арасындағы 47 қалалық  спартакиаданың шахмат бойынша кезекті  кезеңі өтті.  Жарысқа 8 құрама команда қатысты. Табан тірескен күресте  Павлодар қаласының  №3 Поликлиникасы бірінші орын, екінші орынды  Павлодар облыстық онкологиялық диспансері, үшінші орынды Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы  алды. Барлық жүлдегерлер  тиісті дәрежедегі  медальдармен және дипломдармен марапатталды.