Ата-аналармен кездесу

2018 жылғы 3 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Колледж директоры Стказинова Гүлнар Кинжитаевна барлық мамандықтардың 1, 2, 3, 4 курс студенттерінің ата-аналарымен кездесті, кедесу барысында оқу орнының жетістіктері, даму перспективалары, медицина қызметкерлерін дайындауға қойылатын талаптар, білімді тәуелсіз бағалаудан және сертификаттаудан өту туралы әңгімеледі. Колледж педагогтары мен ата-аналар үшін тәрбие, оқыту үрдісінің маңыздылығын атап өтті. Колледж психологы 1 курс студенттеріне “Студенттерді жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу” тақырыбында, 1,2,3 курс студенттеріне “Тұлғаның дағдарыстық жағдайы” тақырыбында ақпарат берді. Біздің колледжде сапалы білім алу, шығармашылық және спорттық әлеуетті дамыту үшін барлық жағдай жасалған.