Жақсылық жасауға асығыңдар

фото1
фото2

«Жақсылық жасауға асығыңдар» жобасы аясында, «Қайырымдылық» волонтерлік қозғалысының мүшелері болып табылатын «Мейіргер ісі» мамандығының 110, 230 тобының және «Фармация» мамандығының 110 тобының студенттері 3 қаңтар мен 10 қаңтар аралығында Павлодар облысының Паллиативтік көмек ауруханасында, «Самал» оңалту орталығында, «Қайырымдылық Үйінде» көмек көрсетті.