Біздің колледжіміз 20 үздіктер қатарында!

1
3
2

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ –ның 2015-2017 жылдарындағы кәсіби білім беру ұйымдары арасында өткізген рейтингісінің нәтижесінде Павлодар медициналық жоғары колледжі Республиканың ең үздік 20 колледжі қатарына енді.
Бұл рейтинг біздің колледж түлектері бәсекеге қабілетті экономикада қажетті және денсаулық сақтау саласында жұмыс берушілер талап ететін өз мамандықтары бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды игергенін көрсетті.