Патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі бойынша тренерлер тренингі

фото 1
фото 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаменті ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, ВОП және педиатрия мамандығы бойынша медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің ПОҚ қатарынан патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделін енгізу бойынша тренерлерді дайындау жұмысын жалғастыруда.
Осыған байланысты, Астана және Алматы қалаларында тренерлер тренингі өтті, оған Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Г. К. Ситказинова, сондай-ақ арнайы пәндер оқытушылары Г. Н. Садыкова және Қ.Т. Абилкасимова қатысты. Қаңтаардың 8 мен 12 аралығында «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ-ның базасында ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша 1-ші кезең, қаңтардың 23 мен ақпанның 2 аралығында Астана қаласының «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҰ-ғы МКК базасында 2-ші кезеңі өтті.
ЮНИСЕФ-тің ұлттық сарапшылары Б. И. Бабаева және Н. Г.Ким жүкті әйелдер мен кіші жастағы балалардың отбасыларына патронаждық қызмет көрсету жүйесінің тұрақты дамуына жағдай жасау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес медбикелерді оқыту мен қайта даярлаудың кәсіби құзыреттілігін, білім беру стандарттарын жаңартуға оқытушыларға көмек көрсетті.
Тренинг соңында колледж өкілдеріне сертификаттар берілді.