Мерейтойыңызбен!

фото 2
фото 1

Ақпан айының 5-күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Құлбекова Шынар Жеңісқызының 50- жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Шынар Жеңісқызын құттықтауға оның әріптестері, туған-туыстары, түлектері мен студенттері жиналды.
Шынар Жеңісқызы 1969 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы Айғыз ауылында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітіргеннен кейін 1986 жылы Семей медициналық институтына “Емдеу ісі”факультетіне оқуға түсті. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар медициналық жоғары колледжінде істеп келеді. Қызмет еткен осы уақыт ішінде арнайы пәндер оқытушысынан үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының әдіскеріне және жаттықтырушысына дейінгі жолдардан өтті.
Шынар Жеңісқызы – өзінің оқытушылық қызмет еткен жылдары медицина қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеген жоғары кәсіби деңгейдегі оқытушы.
Денсаулық сақтау мамандарын дайындауға қосқан үлесі үшін Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет Грамоталарымен және Облыстық білім басқармасының Алғыс Хатымен марапатталды.
Біз, Шынар Жеңісқызына зор денсаулық тілей отырып, тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан-табысқа жете беріңіз, деген тілек білдіреміз.