Қызылша мен тұмауды алдын алу бойынша әңгіме

фото 1
фото 2

8 ақпан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің медбикесі А. С. Әбдіқалықова қызылша мен тұмаудың алдын алу бойынша студенттермен әңгіме өткізіп, жұқпалы аурулардың симптомдарымен және емдеу әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттерге күн тәртібін орындауды, спортпен шұғылдануды, таза ауада жиі болуды және жеке гигиенаны сақтауды ұсынды.