«Дәрілік нысандар технологиясы», «Фармакология», «Фармацияны менеджмент және маркетинг негіздерімен ұйымдастыру және экономикасы» арнайы пәндер бойынша аудиториядан тыс іс-шара

WhatsApp Image 2019-02-12 at 16.16.25
WhatsApp Image 2019-02-12 at 16.16.29

Санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦӘК апталығы аясында «Фармация» мамандығы бойынша «2019 жылдың үздік түлегі» конкурсы түрінде іс-шара өткізілді. Сайыс 5 кезеңнен тұратын «Фармация» мамандығының 310,320 топтары арасында Григоренко А. Г., Пфенинг Г. Д., Болатова А. Т. оқытушыларымен өткізілді.

* I кезең –«Визитка» — «Менің мамандығым-фармацевт» бейне презентация.

* II кезең- «Шебер қолдар» – ұсынылатын рецепт бойынша босату үшін дәрілік форманы дайындау.

* III кезең –«Қаптағы мысық» – препараттың фармакологиялық тобын анықтау, қолдану көрсеткіштері, препараттың ерекшеліктері.

* IV кезең –«Сауалнама Блиц» – сайыскерлер жылдамдыққа экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің заңнамалық және нормативтік базасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

* V кезең –«Дәріханадағы жағдай – Клиентке сауатты қызмет көрсету».

Байқаудың қорытындысы бойынша «Фармация» мамандығының 310 тобының студенті Калитова Азиза жеңімпаз атанды.