Медиация күні

MyCollages

28 ақпан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Медиация күні өтті.

Кіріспе сөзінде директордың ТЖ бойынша орынбасары С.В. Окалина білім беру ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін медиаторлар жұмысының пилоттық жобасының тәжірибесі туралы айтты.

Тұсаукесердің алдында психолог Т. В. Зеленцова кездесу тақырыбы мен мақсатының өзектілігі туралы хабарлады. Мұнан кейін студенттерге Павлодар облысында мектеп / студенттік медиация бойынша пилоттық жоба жұмысы туралы ақпарат берді.

Содан кейін психолог 2019 жылғы 28 ақпанда «Медиация мен құқықтық мәдениеттің бірыңғай күні» туралы әңгімеледі. Осы мақсатта білім беру мекемелерінде студенттік медиация қызметтері құрылып, оған педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар кіретінін атап өтті.