Алғыс айту күні

11111

Алғыс айту күні аясында, “Емдеу ісі” мамандығының 220 тобының студенттері колледж директоры Г. К. Ситказинованың қатысуымен колледждің шаруашылық-техникалық қызметкерлерін құттықтады. Студенттер ауыр еңбекті қажет ететін оларға алғыстарын білдірді. Бұл қызметкерлер ұжымның әрқашан таза, жайлы болуы үшін еңбек ететін көрінбейтін майданның адамдары.

Бүгінгі күн — нұрлы күн Жарық шашқан әлемге. Ескеретін күн бүгін Ризашылық қой әр ұжымда.

Құттықтаймыз Сіздерді, Алғыс айту күнімен. Барлық ұжым жағдайын, Сіздердей адам ғой көркейткен.

Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздердің баға жетпес шыдамдылықтарыңыз бен еткен еңбектеріңіз біз үшін тұнып тұрған қамқорлық, жылулық пен үміт деп бағалаймыз. Сіздерге бас иіп, рахметімізді айтамыз!