«Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы

IMG-20190306-WA0090

6 наурыз күні, көктемгі мерекенің құрметіне Павлодар медициналық жоғары колледжінде 3 – ші жылсайынғы «Екі жұлдыз» музыкалық байқауы өтті.

Тартысты күрес нәтижесінде жүлделі орындар анықталды:

«Гран-При» иегерлері – арнайы пәндер оқытушысы Усенова Жұлдыз Мейрамовна және «Мейіргер ісі» мамандығы 120 тобының студенті Федина Екатерина болды.

«Алтын жүлдегерлер» – арнайы пәндер оқытушысы Кушлак Ольга Леонидовна және «Мейіргер ісі» мамандығы 230 тобының студенті Слепко Виктория атанды.

«Күміс жүлдегерлер» – арнайы пәндер оқытушысы Галиева Дамиля Муратовна және «Мейіргер ісі» мамандығы 320 тобының студенті Сағидолла Наурыз атанды.

Конкурстың «Қола жүлдегерлері» – колледж психологы Зеленцова Татьяна Викторовна және «Фармация» мамандығы 210 тобының студенті Щербанич Наталья ие болды.

«Ең креативті жұп» номинациясында – «Емдеу ісі» мамандығы 120 тобының студенттері Осипова Анастасия және Дерепаско Евгений жеңіске жетті.

«Ең романтикалық жұп» номинациясында – «Мейіргер ісі» мамандығы 220 тобының студенттері Науанова Альмира мен Али Әлібек атанды.

«Ең үйлесімді жұп» номинациясы бойынша – «Мейіргер ісі» мамандығы 210 тобының студенттері Серікболова Әйгерім мен Қуанышбаев Жандос жеңімпаз атанды.

«Ең сүйкімді жұп» номинациясында «Мейіргер ісі» мамандығы 340 тобының студенті Аманжолов Бейбут және «Емдеу ісі» мамандығы 310 тобының студенті Кокешева Зарина жеңімпаз атанды.

Байқауға қатысушылар колледж студенттері мен қызметкерлеріне жағымды эмоциялар мен жарқын әсер сыйлады.