Мерекелік концерт «Қымбатты, сүйікті арулар, аяулы аналар!»

IMG_20190307_150855_927
IMG_20190307_150855_928

Халықаралық әйелдер күні- сүйікті арулар мен аяулы аналарды мерекемен құттықтауға себеп болатын тамаша мерекенің бірі.

6 наурыз күні ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК-да «Қымбатты, сүйікті арулар, аяулы аналар!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді.

Колледж директоры Г. К. Стказинова өзінің құттықтау сөзінде әріптестерінің: қызметкерлер мен студенттердің кәсіби жетістіктерін атап өтті. Денсаулық, отбасылық жайлылық, әл-ауқат, ұзақ жылдарға жақсы көңіл-күй, жақын адамдарының жылуы және жан жайлылығын тіледі.