Радиодан сөйлеу

001

10 наурыз күні “Халық радиосы” радиостансасының эфирінде патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі бойынша аймақтық жаттықтырушылары колледж директоры Г. К. Ситказинова және арнайы пәндер оқытушысы Г. Н. Садыкова “Балалық шақ академиясы” бағдарламасында сөз сөйлеп, онда жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін іске асыру туралы айтып берді.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Павлодар медициналық жоғары колледжінде жаттықтырушылар облыстық Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету учаскелік мейірбикелерін оқыта бастады.