«Кыздар сайысы – 2019» спорт мерекесі

08
07

«Наурыз мейрамы» көктем мерекесі қарсаңында 2019 жылы 13 наурызда «SENIM» «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен,Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында «Қыздар сайысы-2019» турнирі өтті. Жарысқа Павлодар медициналық жоғары колледжінің, Павлодар педагогикалық колледжінің, Павлодар техникалық-экономикалық колледжіні, Инновациялық Евразиялық универсетінің колледжінің құрама командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесі тәртіппен бөлінді:

I орын – Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрамасы

II орын – Инновациялық Евразиялық универсетінің колледжі.

III орын -Павлодар педагогикалық колледжінің құрамасы

IV орын -Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің құрамасы

Үздік команда капитаны болып «Емдеу ісі» мамандығының 110 топ студенті Құдайбергенова Зарема атанды.

Спорттық мерекенің барлық қатысушылары Кубоктармен, медальдармен, Грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара жоғары спорттық және эмоционалды деңгейде өтті, барлық қатысушылар жақсы көңіл-күй алды.

Павлодар облыстық «ЕРТІЅ» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.