Жұртшылықпен кездесуге қатысу

WhatsApp Image 2019-04-06 at 11.36.30

6 сәуір күні сағат 10.00-де “Nur Otan” партиясының Павлодар облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен жұртшылықпен кездесу өтті.

Кездесуге Денсаулық сақтау министрі Е. А. Биртанов, Білім және ғылым министрі К. Н. Шамшиденова,Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. М. Сапарбаев, медициналық сақтандыру қорының төрағасы А. Н. Жұмағұлов, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Ж. Жайымбетов, Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов қатысты.

Павлодар медициналық жоғары колледжінен іс-шараға арнайы пәндердің жас оқытушысы, бөлімше меңгерушісі Р. Р. Рахимжанова және “Мейірбике ісі” мамандығының 4 курс студенті Сағидолла Наурыз қатысты.

Кездесу біздің колледждің жас буынының өкілдеріне ерекше әсер қалдырды.