Жеңіл атлетика бойынша жарыс

атлетика

2019 жылғы 27 сәуірде «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен қаланың орталық стадионында жеңіл атлетика бойынша медициналық мекемелер арасындағы жарыстың кезекті кезеңі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрама командасы 1 орынға ие болды.

Барлық командалар тиісті дәрежедегі Грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.