Келе жатқан Ұлы Жеңіс Күнімен!

3
1
2

3 мамыр күні бүкіл ел үшін маңызды күн – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінде екі мерекелік іс – шара: «Сахналанған әндер» конкурсы және “Мәңгілік полк” акциясы өтті.

Байқауға барлық мамандықтардың студенттері қатысты, олардың орындауында вокалдық және хореографиялық нөмірлер, соғыс жылдарындағы әндер мен поэтикалық композициялар орындалды, осының бәрі концерт залында нағыз мерекелік ахуал қалыптастырды.

Байқау қорытындысы бойынша «Соғыс жылдарындағы балалар» композициясын ұсынған “Емдеу ісі” мамандығы 220 тобының командасы Гран-При бас жүлдені жеңіп алды.

1 орынды – «Майдан медбикесінің вальсі» композициясымен “Зертханалық диагностика” мамандығының 210 тобы,

2 орынды – «Землянка» композициясымен “Фармация” мамандығының 210 тобы,

3 орынды – «Қараңғы түн» композициясымен “Стоматология” мамандығының 110 және 120 топтары иеленді.

Барлық қатысушылар Грамоталармен және арнайы номинациялармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысының оқиғалары жыл сайын бізден алыстап барады. Бірақ олар ешқашан халық жадынан ұмтылмайды. Сол сұрапыл және қасиетті күндер бізден алыстаған сайын, Ұлы Жеңістің маңыздылығын түсіну адамдардың жадында жарқырай түседі.

Павлодар медициналық жоғары колледжі баршаңызды келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт, ашық аспан тілейді!