Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара

08.05

2019 жылдың 8 мамыры күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында Халықаралық медбике күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Облыстың практикалық денсаулық сақтау саласы орта буынының үздік қызметкерлері Павлодар облысы әкімінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен және Алғыс Хаттарымен марапатталды.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Сарсенгалиевич Мукашев Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Ситказинова Гүлнар Кинжитаевнаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. А. Биртановтан «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Жаһандық конференциясын өткізуге қосқан үлесі мен елеулі еңбегі үшін» Алғыс Хат және естелік Эмблемасын табыс етті.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Салтанат Чайкеновна Тулегенова үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының зертханашысы Зейнегүл Тлектесовна Алимоваға «Медицина саласындағы көпжылдық және адал еңбегі мен мейірбике мамандығының беделін көтергені үшін» Грамотасын табыс етті.