Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенті Жеңіл атлетикалық жүгіріске қатысты

11
12

Жастар жылы аясында сәуірдің 29-ы мен мамырдың 8-і аралығында «Емдеу ісі» мамандығы 120 тобының студенті Порохов Даниил бірнеше мерейгерлік даталарға: Жеңіс күнінің 74-жылдығына, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің 100 – жылдығына, Nur Otan партиясының 20-жылдығына арналған «22-ші Жеңіл атлетикалық жүгіріске» белсенді қатысты.

Жүгіру Павлодар-Қалқаман, Майқайың-Баянауыл, Қарағанды-Теміртау-Екібастұз, Ленин-Павлодар бағыты бойынша өтті. Барлығы 1050 километр.

Жүгіру кезінде марафонға қатысушылар туризм дағдыларына үйреніп, волейбол, баскетбол, футбол, тоғыз құмалақ, асық ату бойынша жолдастық спорттық кездесулер өткізді. Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті.