Әскери-патриоттық ойынға қатысу

 

«Стоматология» мамандығының 110 топ студенті Бондаренко Константин 2019 жылдың 6 мамырында ҚР ІІМ оқу орталығында өткен «Бейбіт елдің ұлдары» әскери-патриоттық ойынына қатысты. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: кедергілер жолағы; уақыт бойынша автоматты жинау/бөлшектеу; «Laser Tag» ойыны. Іс-шара қорытындысы бойынша Константин ІІІ дәрежелі Дипломмен және медальмен марапатталды.