Футболдан «Былғары доп» Республикалық жарыстардың салтанатты ашылуы

441
447
442
556
445

2019 жылы 5 маусымда Павлодар медициналық жоғары колледжінің футбол алаңында 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында, футболдан «Былғары доп» Республикалық жарыстың салтанатты ашылуы өтті.

Жарысқа Қазақстанның 11 облысынан: Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысынан, сондай-ақ Алматы қаласы мен республика астанасы Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысады.

9 күн бойы біз қызықты кездесулердің, күрестің, допты техникалық иелену, найзағайлы беріліс пен дәл лақтырудың куәсі боламыз. Көптеген жағымды әсерлер мен сергектік алатын боламыз.