Футболдан «Былғары доп» Республикалық жарыстардың қорытындысы

WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.24
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.23
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.23 (1)
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.22
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.22 (2)
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.22 (1)
WhatsApp Image 2019-06-11 at 14.45.21

 

2019 жылы 5 маусымда Павлодар медициналық жоғары колледжінің футбол алаңында 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында, футболдан «Былғары доп» Республикалық жарыс басталған еді.

Жарысқа Қазақстанның 11 облысынан: Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысынан, сондай-ақ Алматы қаласы мен республика астанасы Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысады.

Бүгін сол жарыстың қорытындысы шығарылып жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Қызылорда облысының жас футболшылары үздік атанды және командаға 1 – ші орынды әкелді, 2 – ші орынды Павлодар облысының футболшылары иеленді, 3 – ші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді.