ОҚПЕ бойынша емтихан

01
02
03
04
05
06

 

Біздің колледжде емтихан сессиясының кестесіне сәйкес, «Анатомия» пәні бойынша 1 курс студенттері арасында объективті құрылымдалған практикалық емтихан өтуде.

Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ж. З. Байгульжина «ОҚПЕ енгізу болашақ медицина қызметкерлерінің практикалық білімдері мен дағдыларын объективті бағалауды қамтамасыз етеді», деп атап өтті. ОҚПЕ студенттің білімін бақылау мазмұнының практикалық мәнін анықтайды және емтихан алушы да, емтихан тапсырушы да бұлжытпай орындауы тиіс нақты ережелерге негізделеді.

Әдістеме студенттің “өзін өзі емтихан тапсыратынын” қамтамасыз етеді, бұл бақылаудың осы түрінің объективтілігін байқатады. Ал оқытушылар жасалған эталондар бойынша жауап парағын тексеретін бақылаушылар ретінде қатысады.

Дайындық кезеңі неғұрлым күрделі болып табылады, себебі студенттердің сұрақтары мен жауап парағын жасау қажет; ОҚПЕ барлық сұрақтары бойынша демонстрациялық материалдарды дайындау қажет. Демонстрациялық материалдарды дайындаумен тәжірибелі оқытушылар арасынан сарапшылар тобы Ш. Ш. Байгулова, Л. Н. Назаренко, Г. Р. Нұрмағамбетова айналысып, жауаптардың эталондарын өздері жасайды.

Бұл емтихан білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауға дайындалудың бірінші сатысы болып табылады.