TV тікелей эфирінде сөйлеу

01
02

 

14 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Г. К. Ситказинова және Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының басшысы З. Х. Танат Ирбис арнасында “Freshтаң” бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі.

Гүлнара Кинжитаевна республикадағы мейірбике ісі мен медициналық білімді реформалау бағдарламалары, денсаулық сақтаудың түрлі салаларындағы Жол картасы бойынша жұмыс, мамандық таңдау туралы айтып, біздің колледжде жұмыс істейтін дәрігерлік әулет өкілдерін атап өтіп, барлық медицина қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады.

Жас басшы Танат Зияда Хапбасқызы өз қызметін практикалық денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен табысты ұштастырған, өз кезегінде үздіксіз кәсіптік білім берудегі симуляциялық оқытудың рөлі, болашақ жоспарлары мен перспективалары туралы айтып берді.