Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі

01
02
03

 

15 маусым күні «Ertis Promenade» сахнасында медицина қызметкері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкерлерінің қатарында Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушылары атап өтілді. «Қазақстан Республикасының денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бөлім меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Тонтаева Құралай Байтұрғанқызы марапатталды.

«Медициналық колледждің үздік оқытушысы» номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Құлбекова Шынар Жеңісқызы «Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі – 2019» атанды.