Бітіруші топтарды қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындау

02
03
04
05
06
07

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» N2 125 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларын бағалау қағидаларын, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» N2 КР ДСМ-46 бұйрықтарына және Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалау мәселелері бойынша 2019 жылғы 10 маусымдағы Нұсқамалық хатқа сәйкес, 2019 жылы қорытынды мемлекеттік аттестаттауды (ҚМА) тапсыру нысаны өзгерді.

ҚМА кешенді емтихан түрінде 2 кезеңде өткізіледі: 1-білімді бағалау (компьютерлік тестілеу), 2 – Тәуелсіз ұлттық емтихан орталығы ұсынған кестеге сәйкес дағдыларды бағалау. Білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) техникалық ерекшеліктерге сәйкес арнайы пәндер бойынша 100 тестілік тапсырманы қамтиды. Білім алушылардың дағдыларын бағалау ОҚКЕ түрінде (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан) 5 станция бойынша жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Павлодар медициналық жоғары колледжінде бітіруші топтардың ҚМА-ға белсенді дайындығы жүргізілуде.

Арнайы пәндер оқытушылары теориялық және практикалық бөлімдері бойынша консультациялар өткізуде.