Түлектер шығарылымы-2019

444
0001
025
WhatsApp Image 2019-07-03 at 21.45.07

2019 жылғы 3 шілде күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде “Мейірбике ісі”, “Емдеу ісі” мамандықтарының түлектеріне “Фельдшер” және “Акушер”біліктіліктерімен салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Колледж директоры Ситказинова Гүлнар Кинжитаевна болашақ медицина қызметкерлерін оқуды табысты оқу аяқтауымен құттықтап, үздік оқығаны және колледждің қоғамдық және спорттық өміріндегі жетістіктері үшін Дипломдар мен Грамоталарды табыс етті. Үш-төрт жыл бойы күн сайын түлектердің оқу сабақтарында соғылатын қоңырауы бүгін олар үшін соңғы рет соғылды. Соңғы қоңырау беру құқығы “Мейірбике ісі” мамандығының түлегі Саурбаев Еламанға берілді. Біздің қымбаты, сүйікті түлектеріміз! Сіздерді колледжді аяқтаумен құттықтаймыз! Өмір жолдарыңызда жақсылық көп болсын, жүректеріңізден махаббат оты өшпесін, әрқашанда қолдау көрсетіп, көмектесе білетін адал достарыңыз жандарыңызда болсын! Барлық ой-армандарыңыз орындалсын, ал сіздердің табандылықпен, батылдықпен және шыдамдылықпен барлық қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алатындарыңызға біз сенімдіміз