Шығарылым -2019

014
012
017
016
015

2019 жылғы 1 шілде күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде “Фармация”, “Ортопедиялық стоматология”, “Мейірбике ісі” мамандықтарының түлектеріне “Күту бойынша кіші медбике” біліктілігімен диплом тапсыру рәсімі өтті.
Колледж директоры Ситказинова Гүлнар Кинжитаевна түлектерді оқуда жеткен жетістіктерімен құттықтап, колледждің қоғамдық және спорттық өміріндегі жетістіктері үшін дипломдар мен грамоталарды табыс етті. Түлектерөз кезегінде сынып жетекшілеріне, оқытушыларға және колледж әкімшілігіне алғыс сөздерін айтты.
Қымбатты және сүйікті біздің түлектеріміз! Бүгінгі күн сіздер үшін маңызды күн — сіздердің әрқайсыңыз үшін таңғажайып және ұмытылмас кезең болған студенттік жылдармен қоштасу сәті. Сіздер енді өмір жолының жаңа кезеңіне кірісесіздер, және біз Сіздерге зор табыстар әкелетін жолмен жоғары мақсатпен және сенімділікпен жүруге тілектестігімізді білдіреміз. Сіздердің табыстарыңыз бен іс-әрекеттеріңіз тілеген тілектеріңіздің жүзеге асуына ықтимал болсын, қуанышты сәттер келеңсіздікке жол бермесін, ал бақыт әрқашанда жандарыңнан табылсын. Сәттілік пен жарқын сәттердің мол болуын тілейміз, өздеріңде бар таланттарыңды әрі қарай дамытыңдар, әрқашанда болашаққа сеніммен қарап, оған лайықты болыңдар!