Адалдық сағаты

WhatsApp Image 2019-09-03 at 17.24.37

Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында Павлодар медициналық жоғары колледжінде “Адалдық сағаты”атты бірыңғай сағат өткізілді. Дәріскер ретінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері А. К. Оспанова шақырылды. Студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, ол мемлекетіміздің әрбір азаматы үшін, әсіресе денсаулық сақтау мамандары үшін қажетті сапа болып табылатын парасаттылық, адалдық қағидалары туралы әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, А.К. Оспанова Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Жолдауы бойынша түсіндірме әңгімесінде, біздің елімізде өскелең ұрпақ үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда, мемлекет қазақстандық жастардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша зор жұмыстар жүргізіп жатқанын атады.
Колледж директоры Г. К. Ситказинова әңгімесін жалғастыра отырып, бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз уақыт ұстанымдарын терең сезініп, мына формуланы нақты ұстануымыз тиіс: Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормасы, ал жастар – болашақ Қазақстанның негізгі қозғаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ауысымы екенін атап өтті.