Шеберлікке қадам

IMG-20191030-WA0080
IMG-20191030-WA0063
20191030_171755

2019 жылғы қазан айының 30 күні Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі базасында Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Д. Болатханұлының қатысуымен “WorldSkills Kazahstan -2019” республикалық конкурсының қатысушылары мен сарапшы-компариоттар кездесуі өтті .
Қатысушылар 2019 жылғы қарашаның 11 мен 15 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін алдағы чемпионат туралы, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту, дайындық барысы туралы бейресми түрде әңгімелесті.
Білім беру басқармасының басшысы Д. Болатханұлы барлық қатысушыларға өздерінің қабілеттерін, нақты міндеттерді, мүмкіндігінше жақын мәселелерді шеше отырып, жеке және ұжымдық қасиеттерін жоғары деңгейде көрсетуде сәттілік, табыс пен жеңіске жетуді тіледі.
Біздің аймақтың командасының құрамына Павлодар медициналық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Үсенова Ж М және “Мейіргер ісі” мамандығының 310 тобының студенті Серікболова А. кірді.