Акция «Менің туым. Менің Отаным»

IMG_5257
IMG_5258
IMG_5256
IMG_5255

Еліміздің барлық аймақтарында жастардың бойында құрмет сезімін ояту, Мемлекеттік Туға деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында патриоттық акциялар өтуде. Акция «Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2019 жылдың 13 қазан айында Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің аумағында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімінде басталды.
2019 жылғы 6 қарашада Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері, өзін-өзі басқару кеңесінің белсенділері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бұрышында» «Менің туым, менің Отаным!» патриоттық акциясын өткізді. Іс-шарада патриоттық әндер шырқалды, Мемлекеттік Тудың рөлі мен маңызы, Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы туралы айтылды .