DynEd-ағылшын тілін үйренудегі инновациялық тәсіл

Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2018-2022 жылдарға арналған көптілді білім беру бағдарламасын іске асыру ТжКБ білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруді болжайды. Павлодар медициналық жоғары колледжінің мамандықтары бойынша бағдарламаны іске асыру нәтижесінде білім беру үрдісінеүш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған көптілді білім беру моделі құрылатын болады.
2019 жылдың 7 қарашасында колледж оқытушылар мен студенттері InterRes Central Asia/InterResSrednyaya Asia ЖШС өкілі, Уитни Джеффри Аланмен кездесті», ол нейронаукты қолдануда әлемдік көшбасшы болып табылатын DynEd жүйесі жасаған әдістер мен технологияларды қолдана отырып, ағылшын тілін оқыту әдістемесімен таныстырды.