“WorldSkills Kazakhstan 2019» V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

IMG_5357
IMG_5358
IMG_5359

2019 жылғы 11-15 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында “WorldSkills Kazakhstan 2019” V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.

Чемпионат жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдің техникалық және кәсіптік білімін дамытуға, еңбек адамының мәртебесін және техникалық мамандықтардың беделін арттыруға ықпал етеді.

Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам қатысушы WorldSkills 38 құзыреттілігі бойынша жарысатын болады. Бірінші рет Павлодар медициналық жоғары колледжі өзінің қатысушысын– “Мейірбике ісі” мамандығының 310 топ студенті Серікболов Айгерімді Павлодар өңірінің құрамасына таныстырды. Байқауға біздің конкурсантты директордың ОТЖ бойынша орынбасары Ж. З. Байгульжина және арнайы пәндер оқытушысы А. Н. Оспанова алып барады.

Сәттілік пен Жеңіс, Әйгерім!