Медицина қызметкерлерінің 49-шы кешенді спартакиадасы
Қарашаның 18 мен 24 аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында медицина қызметкерлерінің 49-шы кешенді спартакиадасы шеңберінде медициналық ұйымдар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 10 әйелдер және 8 ерлер командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облыстық онкологиялық диспансері чемпион атанды, Павлодар қаласының №3 емханасы күміс жүлдегер атанды, Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы қола жүлдегер атанды. “Емдеу ісі”мамандығының 110-ші курс студенті Порада Светлана Павлодар медициналық жоғары колледжінің үздік ойыншысы атанды