«Салауатты күлкі» акциясы

IMG_5517
WhatsApp Image 2019-11-25 at 19.31.17

“Стоматология” мамандығы 210 тобының “Салауатты тістер – дені сау балалар – дені сау отбасы” волонтерлер қозғалысының студенттері “Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы” ШЖҚ-ғы КМК дәрігерлерімен бірге “Салауатты күлкі”акциясын ұйымдастырды.

Павлодар қаласының № 34 және №43 мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін ауыз қуысының гигиенасы бойынша ойын түрінде дәріс өткізіп, әрқайсысына “Колгейт” компаниясының тіс пастасы бар пакетик, сондай-ақ тіс тазалау күнтізбесі мен “тіс қорғаушысы”дипломын табыс етті.