“Тең- теңімен” қағидаты бойынша жастар конференциясы

IMG_5519
IMG_5520
IMG_5521
IMG_5522
IMG_5523
IMG_5524

2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, Павлодар облысы жастарының ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту мәселелерінде ақпараттандыруды арттыру мақсатында 2019 жылғы 26 қарашада “Тең- теңімен” қағидаты бойынша “Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау” атты жастар конференциясы өткізілді. Аталған іс-шараны “Summit Service” ЖШС ұйымдастырды.

“Мейірбике ісі” мамандығының 110 және 120 топтарының студенттері Естенов Бахытбек, Бекпалов Арсен, Васильева Камила конференцияда “Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі” бағыты бойынша баяндама жасады. Жетекшілері – Мапитова А С, Кушлак О Л, арнайы пән оқытушылары.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар Сертификаттар алды, Б.Естенов 3 орын үшін Грамотамен марапатталды.