«Жаңа жылдық сыйлық» акциясы

viptalisman_160637
viptalisman_160638
viptalisman_161979
7946181_1577342412_5e04557867fd5

Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті Жаңа жыл қарсаңында “Жаңа жылдық сыйлық” қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Осы акция аясында, 2019 жылдың 26 желтоқсанында, колледж директоры Г.К.Ситказинова мүмкіндігі шектеулі балалары бар колледж студенттерін, көп балалы студент аналарды, аз қамтылған студенттерді, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Жаңа Жыл –бұл тек жаңа күнтізбенің басталуы ғана емес, бұл әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар, табыстар мен жеңістер ұялататын жыл басы. Жаңа жылда әрбір игі іс пен көңіл-күй, жаңа бастамалар, орындалған арман -мақсаттар сәттілік серік болсын.
Жаңа Жыл шаңыраққа құт-береке, татулық пен махаббат, мықты денсаулық, бақыт пен сәттіліктер әкелсін!